Әскер қатары толықты
Өңірде күзгі әскери шақырылым басталды. Қонаевтан 25 жас жауынгер шекара қызметіне аттанды. Олар өз борышын Райымбек ауданында атқарады. Сапқа тұрған сарбаздарды шығарып салуға ата-аналары мен туғандары, сондай-ақ шекара қызметінің ардагерлері келіп, ақ батасын берді. Жалпы күз науқанында 3000-нан астам азаматты шекарашылар сапына қосу жоспарланған. Оның 500 ден астамы Қарасай, ал 440 сарбаз Райымбек ауданындағы бөлімшелерге аттанады. Отан алдындағы міндетін өтеуге барған жастарға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер мен қолдаулар да қарастырылған.
АСХАТ АЙСАҒАЛИЕВ
ҚР ҰҚК ШҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Сарбаздар әскерге барған кезде мойнындағы кредиттері тоқтатылады, бір жыл бойы кредит төлемейді. Және де мемлекет тарапынан жасалып жатқан бір үлкен көмек — бұл жас сарбаздарға әскерде жүріп, мемлекеттік грант ұтып алу. «Сарбаз 2.0» бағдарламасы арқылы сарбаздар әскерде жүріп, Қазақстан Республикасының кез келген жоғары оқу орындарына, азаматтық оқу орындарына немесе әскери оқу орындарына грант ұтып ала алады.