Шыңғыс Әрінов - Алматы облысының жаңа әкімі
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Оның кандидатурасы облыстық мәслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы қолдау тапты. Мемлекет басшысы бұл қызметке екі үміткерді ұсынған болатын. Олардың қатарында бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев болды. Кандидаттарды қарау үшін арнайы отырыс өткізіліп, оған 178 мәслихат депутаты қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Шыңғыс Әріновті депутаттардың 83 пайызы қолдады.