Ұлт ұстазы ұлықталды
5 Қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Әрі ұлт ұстазы, алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Атаулы күн қарсаңында Алматыдағы тарихи тұлғаның музей үйінде рухани басқосу өтті. Жиында алаш қайраткерінің Франциядан жеткен көзілдірігі мұражайға табысталды.
Ахмет Байтұрсынұлын ел жұртқа таныстырудың өзі артық. Оның ұлт үшін жасаған ұлағатты ісі мен тілі үшін тындырған жанкешті еңбегін еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. Ардақтайды. Осылай деп сөз саптаған белгілі актер Байғали Есенәлиев Байтұрсынұлының өзі таққан көзілдірігін музей үійіне сыйға тартты. 1900 жылы шыққан жәдігерді оның қызы Франциядан әкелген екен.
БАЙҒАЛИ ЕСЕНӘЛИЕВ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
«Ұлт ұстазы» филімін көрсеңіздер сол кезде жендет Ахаңды түрмеге әкетіп бара жатқанда көзілдірігі жерге түсіп қалады. Ой менің көзілдірігім дейді Ахаң. Сол кезде жендет енді саған оның керегі жоқ, ұлтың көр соқыр, елдің көзін ашам деген сен сияқтыларды түгел жоямыз деген астармен көзәйнекті аяғымен таптап сындырады. Енді бұл Ахаңның көз әйнегі музейінде жарқырап тұрсын, біздің болашағымыз дәуірлеп бара жатқанын, осы музейге келгендер сезінсін, көрсін деген оймен табыс етіп отырмын»
Байтұрсынов Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ағартушы, ақын, әдебиет зерттеуші һам аудармашы. Еңбектерін нақтап айтсақ сол кезеңдегі қазақ қоғамын «Қырық мысалмен» шымшылады. «Маса» болып оятты. «Әліппе» жазып, «Оқу құралы» мен «Тіл құралын» әзірлеп жастарды сауаттандырды. Елдің теңдігі үшін халық жауы атанып, абақтыға түсті. Түрмеде жатып тындырған тірлігі де орасан еді. Сондықтан да елдегі «Тіл мерекесі» ұлт ұстазының туған күніне орайласқаны заңды деп еске алды аға буын өкілдері.
АСЫЛЫ ОСМАН
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
«Барлық мерекеден өз басым тіл мерекесін жоғары қоямын. Өйткені тіл ол ұлттың жаны, рухының үні, ең құнды дүниесінің алтын қоймасы. Тіл тірі организім. Соны қадірлеп қастерлеп жүріп Ахмет Байтұрсынұлы өзінің барлық ғұмырын арнап жүріп өзін құрбан еткен адам»
Басқосуда белгілі тілші ғалым Анар Салқынбайдың «Ахмет Байтұрсынұлы ілімі» атты жаңа зерттеу кітабының де тұсауы кесілді. Профессордың айтуынша бұл еңбек ағартушының сан қырлы ізденісін зерделеумен қатар әдебиеттегі тың терминдерін түгендеуге әрі оның толық мәнін ашу үшін жазылған.
АНАР САЛҚЫНБАЙ
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
«Тілдің барлық саласына көңіл бөлген ғалым ғой, қазақтың жазу мәселесі, емілесі, фонетикасы дейсіз ба тілдің барлық құрлымдарын ең алғаш зерттеп негіздеген. Байтұрсыновтың «әдебиет танытқышы» әдебиет танытқыш деп аталғанмен бұл ірі филололгиялық зерттеу болды. Оны алғаш айтқан Ырымғали Нұрғалиев. Біз сол кісінің алдын көрген шәкір ретінде осы еңбекті тереңірек зерттеуге ғылми бағытын айқындауға оның әлемдік деңгейдегі рөлін танытуға ниет еткен болатынбыз»
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайласқан «Тіл» мерекесі Алматы облысының барлық аудандарында аталып өтті.