Кегеннің көркі кіреді

Кеген ауылында тұрғындар мен қонақтарға арналған жаңа серуендеу және патриоттық іс-шаралар өткізетін заманауи демалыс орны пайда болады. Жергілікті халық үшін бұл нысан ауылдың жаңа «визиттік карточкасына» айналмақ. Жобаның жалпы құны – 205 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталып, нысанды осы жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.

ЕРКЕБҰЛАН НҰРҚАЛИЕВ
КЕГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай бой көтеретін флагштоктың биіктігі 35 метрді құрайды. Оның айналасында жаяу жүргіншілер жолы төселіп, гүлзарлар егіледі және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, келушілер үшін 20 көлікке арналған автотұрақ та қарастырылған. Сондай-ақ, жыл басында өткен әкімнің есеп беру кездесуінде тұрғындар бұрын-соңды асфальт көрмеген көшелерді жөндеп беруді сұраған болатын. Халықтың бұл өтініші ескеріліп, тиісті көшелерге жол төселді.

Жалпы, аудан бойынша үш ауылда 6,5 шақырымға жуық жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, кейбір көшелердің жол төсемі 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған. Мердігер мекемелер бұл жұмыстарды биылғы қараша айында толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: