Алматы облысы Түркиямен әріптестікті кеңейтуде!

Алматы облысы Түркиямен экономикалық байланысты нығайтуға ниетті. Бүгін аймақ басшысы Шыңғыс Әрінов пен Түркияның Алматыдағы Бас консулы Туба Алан Өзденфедакар кездесіп, инвестиция тарту мен бірлескен өндіріс орындарын ашу мәселелерін талқылады. Жалпы, облыста түрік капиталының қатысуымен 147 кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда "Қазыбек бек" индустриалды аймағында құны 21 миллиард теңгеге бағаланған өндірістік кешен құрылысы жүріп жатыр. Нысан 2028 жылы пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 65 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Сондай ақ қос тараптың ірі жобаларының бірі Іле ауданында «LC Waikiki» логистикалық тарату орталығы . Жобаға 30 миллиард теңге инвестиция тартылып, 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

ТУБА АЛАН ӨЗДЕНФЕДАКАР 
ТҮРКИЯНЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ 
- Бүгінгі жылы қабылдау үшін өңір басшылығына алғыс айтамыз. Бүгінгі диалог бауырлас екі ел ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге берік негіз. Біз инвестициялық жобалар мен өзге де стратегиялық бағыттар бойынша толық қолдау білдіруге дайынбыз. Өйткені мұндай жүздесулер өзара әріптестікті нығайту үшін өте маңызды.

Сондай-ақ оқыңыз: