Жарты ғасырлық емхана жаңарады

Қонаевта жарты ғасырдан астам тарихы бар емхана ғимараты алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Кешенді жаңғыртуға қазынадан 1 миллиард 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ауқымды жоба аясында ғимараттың шатыры, есік-терезесі мен едені толық ауыстырылып, инженерлік желілер қайта тартылуда. Әсіресе, жылдар бойы сарқынды суға толып, тұрғындардың сорына айналған жертөле бөлігі құрғатылып, арнайы дренаж жүйесі жүргізіледі. Жөндеуден соң бұл жерде балалар да, ересектер де ем қабылдай алады. Жаңарған ғимаратта бейінді мамандардың кабинеттері ашылып, жаңа флюорографиялық аппарат орнатылады. Сондай-ақ диагностикалық мүмкіндіктер кеңейіп, зертханалық сараптама да осы жерде жасалмақ.

АЙМАН РАҚЫШЕВА
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Бұл ересектер мен балаларға арналған емхана болады. Мұнда бейінді мамандар қабылдау жүргізеді. Емханада флюорография аппараты орнатылады, яғни тұрғындарға басқа ғимаратқа барудың қажеті болмайды. Біз осы жерде анализдардың толық спектрін тапсыруға барынша жағдай жасаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: