Жастар үні: өзгерістерге бастайтын идеялар
Ашық әңгіме, жастарды толғандырған түрлі сұрақ пен ұтымды ұсыныс. Іле ауданына қарасты М.Түймебаев ауылындағы келешек мектебінде мектеп парламентінің президенттері бас қосты. Жиында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы, «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Кітап оқитын ұлт» жобасы талқыланды. Жас көшбасшылар ашық диалог алаңында Облыс әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлымен кездесіп, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен жобаларын ортаға салды. Кездесу барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстардан бастап, кітап оқу мәдениетін дамыту және жастардың көшбасшылық әлеуетін қолдау бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды. Мамандарының айтуынша осындай жиындар оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып ғана қоймай, әлеуетті жобалардың жүзеге асуына өзіндік ықпалын тигізбек.
ДИАНА ОНБІРБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Мұнда балалар өздерінің мектептеріндегі жұмысын жандандыру бойынша пікірлерімен бөлісіп, керемет жобаларын алып келіп отыр. Бұл болашақта осы облыстағы мектеп парламенттерінің алға жылжуына, одан әрі жетілуіне және әр баланың еліміздің дамуына үлес қосуына үлкен бір жол ашады деген ойдамыз.»