Төңкеріс ауылында жаңа «Келешек мектебі» ашылды
Талғар ауданының Төңкеріс ауылында Конституция күні қарсаңында жаңа заман талабына сай мектеп есігін айқара ашты.
600 орынға арналған білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Бүгіннің өзінде бұл жерге мыңға жуық оқушы тіркеліп үлгерген. Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, ауыл тұрғындарын қос мерекемен құттықтап «-Мектепте сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған. Осындай жаңа оқу орындарының ашылуы ел болашағы үшін маңызды қадам», - деді ол. Жаңа мектептің ішкі құрылымы толықтай заманауи жабдықтармен қамтылған. Кең әрі жарық сыныптар, үлкен асхана, спорт пен мәжіліс залдары, робототехника және дизайн кабинеттері балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Ауыл тұғындары да балаларын мектеп әкеп жатыр, соның бірі Индира Қыдырбекова. Ол мектептің ашылуы мен баласының бірінші сыныпқа баруы тұспа тұс келгеніне қуанышты. Енді сол сияқты тағы 1000 тарта баланың аата анасы сапалы білім алады деп қуанышын білдірді.
Бұл Талғар ауданында биыл ашылған үшінші мектеп. Жыл соңына дейін тағы жеті жаңа білім ордасы пайдалануға берілмек. Жалпы облыс бойынша 2022 жылдан бері 43 мектеп пен 6 қосалқы ғимарат ашылып, үш ауысымды оқыту мәселесі екі есеге қысқарды. Конституция күні қарсаңында ашылған жаңа мектеп ауыл балаларына жасалған үлкен тарту болды.