Ерлік пен жауапкершілік

Құтқарушылар күніне орай Ұйғыр аудандық кітапханасында «Ерлік пен жауапкершілік» атты салтанатты шара өтті. Жиында сала қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік құтқарушылар Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.  Ауданда жыл сайын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жабдықтау күшейтіліп келеді. Осы ретте «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Шырын және Қырғызсай ауылдарында екі өрт сөндіру бекеті ашылған. Ал өрт қаупі жоғары кезеңде Шарын шатқалында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

РАДИК ҚАСЫМОВ 
ҰЙҒЫР АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 
- Ұйғыр ауданы аумағында № 6 өрт сөндіру бөлімі орналасқан. Бөлімнің жеке құрамы 24 адамнан тұрады. Үш арнайы өрт сөндіру автокөлігі бар. Жыл басынан бері Ұйғыр ауданы аумағында 151 шұғыл шақырту тіркелді. Оның ішінде 42 өрт оқиғасы бар. Қазіргі уақытта өрттің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: