Тазалық тәртібі
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қонаев қаласында кезекті сенбілік өтті.
Тұрақты өтетін экологиялық бастама тұрғындарды тазалыққа жұмылдырып, табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастырады. Жыл басынан бері қалада 22 сенбілік болды.Нәтижесінде тазалық жұмысына 9 мыңға жуық ерікті атсалысты. Осы уақытқа дейін сенбіліктің қорытындысы бойынша 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, қала аумағындағы қоғамдық орындар, көшелер мен жасыл желектер маңы тазартылған. Кезекті сенбілікте де 300-ге жуық адам жұмылдырылды.
ДАРХАН БАТЫРША
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бізде бүгін үш жерде сенбілік өткізілуде. Ол 8-шағын аудан, бірінші коммуналдық жағажай және Алматы-Өскемен тас жолының бойында. Есеп бойынша бізде шамамен 300-ге жуық адам жүр. Олар жағажайды тазалап жатыр, 8-шағын ауданда теміржол бойын тазалап жатыр және де қазір осы Алматы-Өскемен тас жолы бойын қоқыстан тазартуда.