Қытаймен ынтымақтастық нығаяды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіне жұмыс сапарымен барды.Өңір делегациясы Санжы қаласындағы тыңайтқыш өндіретін ірі кәсіпорынды аралап, заманауи технологиялармен танысты.

Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықпен қатар шетелде де сұранысқа ие. Сондай-ақ делегация «Сияй Су» қызанақ өнімдерін өңдеу зауыты мен тұқым шаруашылығы серіктестігінің жұмысын көрді. Сапар аясында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы аталған компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Сонымен қатар Үрімжі қаласындағы бірнеше ірі компанияны біріктіретін Цинзян коммерциялық логистикалық холдингімен де әріптестік келісім жасалды. Іссапар Үрімжі қаласында жалғасады. Жоспарға сәйкес, облыс әкімі өңір грантымен білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз: