5000 түп ағаш отырғызылды
Кеген ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен халықаралық «Парктер шеруі» бағдарламасы ұштасты. Өңірдің табиғи әлеуетін арттыру және аумақты көгалдандыру мақсатында ауқымды игі шара қолға алынды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
ДАСТАН МАРАТҰЛЫ
ТІЛШІ
«Бүгінгі шеруге жалпы саны мыңнан астам адам жиылған. Олар осы ауданның белсенділері және осы ауданда орналасқан ұлттық табиғи парктың мамандары. Олар дәл қазір кеген ауданына кіре берістегі үлкен аркаға бет алды, ол жерде болашақта үлкен жасыл қақпа жасау межесі тұр.
Игі шараға аудан ақсақалдары бата беріп, ақ дол тіледі. Мерекелік іс-шара коцерттік бағдарламаға ұласып, тұрғындар Кеген ауылының кіреберісінде дайындалған алқапқа көшет отырғызды.
РАҚЫМ ЕСІМБАЕВ
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
« Ауданның халқы жиналып, бәріміз атсалысып жатырмыз. Атаңнан мал қалғанша тал қалсын дейді. Ағаш егіп көгалдандырып, жеріміз көгеріп көктеп тұрса қандай жақсы. Мына жақтан келе жатқан ел айтады ғой, міне кеген ауданының екі жағы бірдей көгеріп көктеп деп»
Бір күнде 5100 түп ағаш отырғызылды. 7 гектар жер қоршалып, аққайың, қарағай, шырша және терек көшеттері егілді. Сондай-ақ, жеке компания, әлеуметтік жауапкершілік жлбасы аясында 2 гектар аумаққа 2000 түп калифорния терегін егетін болды.
НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ
КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«жалпы ауданның ішінде де біз биылға 15 мыңның ағашын жобалап отырмыз. 2 жыл мұны күтіп баптауымен мұны әрі қарай өніп, өсіп кеткенше осы саябаққа айналдыруға жұмыс жасап жатырмыз. ішінде осы жерде жаяу жүргіншілерге, велодорожкаларымызды жобалап отырмыз, көше жарық шамдарын қойғалы, осы жерге келген туристтеріміз, ауданның тұрғындарының бәрі де керемет бір саябақта демалатын бір орынға айналса екен деген мақсатта осыны қолға алып отырмыз.
Отырғызылған ағаштарды енді жергілікті мердігер компания 2 жыл бойы баптап, суарады. Ол жерде заманауи тамшылатып суару жүйесі енгізілген.