Велошеру

Қонаевта  алғаш рет ауқымды велошеру ұйымдастырылып, оған 200 ге жуық әуесқой спортшы қатысты.  Доданың салтанатты ашылуында аймақ басшысы спортшыларға сәттілік тіледі.  Велошабандоздар қаланың басты көшелерімен жүйіткіп,  өзара мықтыны анықтады. Мәре сызығын бірінші кескендерге қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.  Әсіресе, 50 жастан жоғары әйелдер арасындағы бәсекеде бірінші орынды Оля Михайлова, екінші орынды Зейнеп Көкебаева иеленіп, бағалы сыйлықтарға ие болды.

ЗЕЙНЕП КӨКЕБАЕВА
ЖҮЛДЕГЕР
«Әсеріміз өте керемет, категория 50+, екінші орын алып, мынандай мақтау қағазы, сертификат алып жатырмын. Көп-көп рахмет, Қонаев қаламызға. Осындай жарыстар көбірек  болсын. Мереке құтты болсын»

РАХМАН ШАХАРБЕК
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қонаев қаласы туристік қала, жаз айларында қаламызға өте көп туристер келеді. Солардың барлығы автокөліктермен қозғалмай, осы жаяу жүргінші жолдарын қолданып, велосипедтерге отырса деген мақсатымыз бар» 

Сондай-ақ оқыңыз: