Құтқарушылар күні: Президент сала мамандарын марапаттады

Бүгін – елімізде аталып өтіп жатқан Құтқарушылар күні мерекесіне орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам өмірін құтқару жолында ерлік пен жанқиярлық танытып жүрген төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерге мемлекеттік наградалар табыстады. Президенттің сөзінше, соңғы 5 жылда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 750 мыңнан астам шұғыл шақыртуға жауап беріп, 240 мыңға жуық адамға көмек көрсеткен. Президент өз сөзінде ауылдық елді-мекендердің қауіпсіздігіне де баса назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл құтқарушылары» бастамасын кеңейтуді тапсырды. Соңғы екі жылда осы жоба аясында 300-ге жуық өрт сөндіру бекеті салынып, шамамен 450 өрттің алдын алуға мүмкіндік туған. Президент құтқарушылардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, кәсіби біліктілігін арттыру қажеттігін де атап өтті. Өйткені, олардың күнделікті қызметі – өзгенің өмірін сақтау жолындағы ерлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыз: