Aport Mall East – үш жыл

Үш жылда айына 700 мыңнан астам адам келетін, 100-ден аса халықаралық және отандық брендпен жұмыс істейтін орталыққа айналған Aport Mall East – ке биыл үш жыл. Сауда орталығы өткен жылды қорытындылап, жеткен жетістіктерін саралады. Aport Mall East - демалыс пен ойын-сауықтың, ауқымды іс-шаралардың кеңістігі. Түрлі интерактивті алаңдар, әртістердің өнері, шеберлік сабақтары мен бағалы сыйлықтар ойнатылатын ұтыс ойыны мерекеге ерекше сән берді. Дегенмен, үш жылдық тарихтағы ең елеулі жаңалық - келушілер санының артуы. Соңғы бір жылдың өзінде сауда орталығына келушілер ағыны 30 пайызға өскен.

ДАРИҒА НҰРАШЕВА
«APORT MALL EAST» МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ PR ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Биыл «Монолит» компания тобымен бірлесіп, екі бөлмелі пәтер ойнаттық. Сондай-ақ Kia Kazakhstan компаниясымен бірге автокөлік ұтысын ұйымдастырдық. Яғни біз қонақтарымызды күн сайын жаңа эмоциялармен және бағалы сыйлықтармен қуантуға тырысамыз. Бұл өте қызықты жоба. Келушілер саны жыл сайын артып келеді. Біз үнемі жаңашылдыққа ұмтыламыз.»

Aport Mall East - қаланың шығыс бөлігіне жолы түскен жұрттың жиі аялдайтын орынның біріне айналды. Орталықтың дамуына Құлжа тасжолы бойындағы қолайлы орналасуы мен маңайдағы аудандардың қарқынды дамуы да әсер еткен. 

САБЫР ЖАНСАҒЫМОВ 
«APORT MALL»  ЖЕЛІСІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Апорт Молл» тек шопинг жасайтын орын емес. Ол әр отбасыға, әр қонағымызға уақытын жақсы өткізетін және көңіл күй сыйлайтын орын деп атауға болады. Өйткені, бізде тек шоппинг емес, өзіміздің жақсы көретін аквапарк Sanremo бар. Жақсы көретін үлкен он алты залды Aport Cinema кинотеатрымыз бар.»

Aport Mall East мәдениет пен өнер кеңістігіне де өрісін кеңейтіп келеді. Мұндағы музей мен «Alma-Ata Qala Space» арт-алаңында кино және музыка әлеміне арналған жаңа көрмелер көпшілік назарына ұсынылмақ. Ойын-сауық орталығы осылайша келушілерге саудамен қатар, рухани әрі танымдық демалыс сыйлауды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз: