Тазалық - ортақ жауапкершілік
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы мен Шеңгелді ауылында «Green School» экологиялық акциясы өтті. Ауқымды сенбілікке 600-ге жуық адам, соның ішінде жергілікті тұрғындар мен еріктілер қатысты. Тазалық шарасы облыс орталығының үш ауданы мен Шеңгелді ауылын қамтыды. Қатысушылар қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, нәтижесінде 650 қап қоқыс жинады. Ал Шеңгелді ауылындағы тазалық жұмыстарын қосқанда, жалпы көлемі 9 тонна қатты тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылды. Акцияға қатысушылардың сөзінше, бұл жай ғана сенбілік емес, әртүрлі жастағы адамдарды біріктіріп, тазалықтың ең алдымен әрбір тұрғынның күнделікті әдеті мен жауапкершілігіне байланысты екенін ұғындырған маңызды бастама болды.
ДУЛАТБЕК ҚҰСБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
- Қоршаған ортаны қорғауға, ортамызды тазалауға, соның бәріне арналған және де бұл рухани тұрғыда да өзімізді тазалыққа бағыттауға, тазалыққа деген сөзіміз ішінен шығады. Әр адам өзінен бастау керек тазалықты. Сондықтан осындай акциялардың арқасында біздің қызметшілер арасында болсын, халықтың арасында болсын осындай ауызбіршілікке, тазалыққа шақыратын дүние. Түпкі мақсатымыз сол. Бірігу, тазалану, алдағы үлкен шараларда жақсы көрсеткіш көрсету үшін біз өзіміз рухани таза болуымыз керек.