Тазалық акциясы

Алматы облысында дәстүрлі «Tengri Ultra» марафоны өтеді. Жарыс жыл сайын Іле өзенінің аңғарында ұйымдастырылады. Қатысушылар 150 шақырымға дейінгі қашықтықта бақ сынайды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұспа-тұс келген марафонның басталуымен құттықтады. Ауқымды іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін сенбілік ұйымдастырылды. Жалпы, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында 220 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Осындай халықаралық жарыстарды өткізу үшін алдымен тазалық керек.

ҚУАНЫШБЕК МЕЙРАМБЕКҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Осы жылы 11 жыл болып отыр өткізілейін деп жатқан шараның. Осы бесінші айдың 1 мен 3 аралығында өтеді. Бұл жерде 22 елден келіп қатысушылар болады және де қатысушылар 2000-ға жуық. Олармен қолдаушылары келіп отырған 5000-ға жуық адам болады бұл жерде. Бұл жер спортты саласында жақсы дамуын көрсетуде. Және ақпараттық туризм жағынан бізге халықаралық шетелдік мемлекеттерге Алматы облысының әдемі, әсем жерлерін көрсетуге көмегін береді"

Сондай-ақ оқыңыз: