Сиверс гүлдеді
Алатау баурайындағы Түрген шатқалында Сиверс алмасы гүлдеді. Табиғаттың тамаша көрінісін көруге жыл сайын жүздеген турист ағылады. Іле -Алатауы табиғи ұлттық паркі жабайы жемістің бірегей тұқымын сақтап қалу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Сиверс алмасын қорғау және көбейту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл жемістің әлемдік ғылым мен экология үшін де маңызы ерекше
МАҚСАТ ДЕМЕСІНОВ
«ТҮРГЕН» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Түрген орманшылығында Сиверс алмасын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Филиал аумағында арнайы тұқым бағы бар. Осы жерде өсірілген Сиверс алмасының тұқымдары кейін таулы аймақтарға отырғызылады»
Түрген шатқалында сиверс алмасының атасы атанған белгілі ғалым Аймақ Жанғалиевтің құрметіне визит-орталық пен музей ашу жоспары қолға алынған. Ғалым қызыл кітапқа енген бұл ағаштың бірегейлігін дәлелдеп, көбейту мақсатында ауқымды жұмыс атқарған.
САЛТАНАТ ӨСЕРБАЕВА
ІЛЕ-АЛАТАУЫ МҰТП БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Бұл қорықты белгілі қазақ ғалымы, академик Аймақ Жанғалиев құрған. Ғылымға үлкен үлес қосқан ғалым артына бай мұра қалдырды. Сол себепті оның құрметіне осы жерде шағын музей ашу жоспарлануда. Қазір аумақты ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, соқпақ салынып жатыр»
Кезекті визит орталықтың ашылуы ұлттық парктің 30 жылдығына орай жүзеге асырылып, жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.