Татулық тағылымы
Алматы қаласындағы №15 гимназия мектебінде тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл білім ордасы — көпұлтты орта қалыптасқан, түрлі этнос өкілдері тату-тәтті білім алып жатқан ерекше мектептердің бірі. Мұнда татар, башқұрт, ұйғыр, грузин, неміс және өзге де ұлт өкілдерінің балалары бір шаңырақ астында тәрбиеленуде. Мектеп ұжымы адамгершілік құндылықтарға ерекше мән береді. Әр сабақта тәлім-тәрбиеге арналған маңызды әңгімелер айтылады. Жас ұрпаққа ұлтты құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету секілді қасиеттер дәріптеледі. Ұстаздар бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мерекелік концерт көпшіліктің көңілінен шықты. Қазақстанда тұратын түрлі диаспоралардың ұлттық әндері шырқалып, әсем билері орындалды.
АЙЗАДА САДУАҚАС
ОҚУШЫ
«Бірінші мамыр маған өте маңызды күн. Бірлік күні татулық күні, қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Біздің апайларымыз бізді қатыстырып, бізді тату болсын деп бізді осындай іс шараларға қатыстырады»
ЗОЯ ҚОЙШЫБАЕВА
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Кез келген сабақта тәрбиелік мәніне байланысты ынтымақтастақ, бірлік деген нәрсе міндетті түрде айтылады.Сондықтан да түрлі ұлттар жиналған сыныптардың өзінде балалр арасында татулық өте жоғары»