Береке бастауы – бірлік

Қазақстан халқының бірлігі күні тек  мәдени орталықтарда ғана емес, әскери бөлімдерде де ерекше аталып өтті.  Алатау қаласындағы  Ұлттық ұланға қарасты 66 те 54 әскери бөлімінде «Береке бастауы – бірлік» атты мерекелік іс-шара болды. Мақсаты – жас сарбаздардың бойында азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты қалыптастыру. Сондай-ақ оларды ел мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Салтанатты кешке өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен  шығармашылық ұжымдар қатысты. 


ДИЯС БЕДЕЛБАЙ
ВЗВОД КОМАНДИРІ
«Бір көк аспанның астында, бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Сондықтан оған біз де өз үлесімізді қосамыз және осы күнге қосып келеміз. Бейбіт өмірді және де осы бір ауызбіршілігімізді қамтамасыз етуге біз әрдайым өз үлесімізді қосуға дайынбыз»

Сондай-ақ оқыңыз: