Алатауда мәдениет қайраткері Серікболсын Қыдырбайұлына арналған мемориалдық көрме ашылды

Алатау қалалық мәдениет үйінде еліне елеулі, халқына қалаулы болған мәдениет қайраткері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Бүкілодақтық және Халықаралық байқаулардың лауреаты Серікболсын Қыдырбайұлына арналған арнайы көркемдік бұрыш ашылды.

Өнер мен мәдениетке саналы ғұмырын арнаған бірегей тұлғаны ұлықтауға арналған шараның салтанатты түрде лентасы қиылып, жиналған қауым көркемдік бұрыштың алғашқы көрермені атанды. Көпшілік назарына қайраткердің көзі тірісінде тұтынған жеке заттары, қолжазбалары мен құнды марапаттары ұсынылды. Сондай-ақ, өнер майталманын еске алуға арналған рухани кеш ұйымдастырылды. Салтанатты жиында оның қазақ руханиятын өркендету жолындағы өлшеусіз еңбегі, табиғатына біткен суырыпсалмалық дарыны мен ақкөңіл, жайдары мінезі кеңінен сөз болып, артында қалған өнегелі іздері мен ізгі естеліктері айтылды. Бұл мәдени шара Серікболсын Қыдырбайұлының ел есіндегі өшпес бейнесін жаңғыртып, оның қалдырған қымбат қазынасын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етуді мақсат етеді.

АЛМАЗ АХАТҚЫЗЫ  ЖАРЫ
Бұл жерде Секеңнің өзінің ұстаған заттары, қолжазбалары, киген шапандары, осының барлығы, домбырасы мінекей, осының бәрін сақтап міне осы ортаға  алып келіп отырған жәйіміз бар. Бұл жер енді Алатау қалалық әкімдігі мен мәдениет бөлімінің қолдауымен ашылып отырған дүние. Бұл енді халық игілігіне жұмсалса деген ойымыз бар. Сондықтан, көптеген дүниелерді жинақтап отырғанмын. Соған мінекей бүгінгі арнайы іс-шара, осы көркемдік бұрыш ашылып жатыр

Сондай-ақ оқыңыз: