Қарасай жолдарындағы түнгі рейд
Алматы облысында ауқымды тексеріс өтті.
Қарасай ауданында Заң және тәртіп қағидаты аясында ұйымдастырылған рейд жұмыстарына 60 тан астам арнайы маман жұмылдырылып, аудандағы маңызды жол тораптарын күшейтілген құраммен тексерді. Түнгі көшенің тыныштығы мен тәртібін күзеткен сақшылардың жұмысы негізінен жол көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Жалпы жол қозғалысын бақылау барысында жүргізушілердің жылдамдықты арттыру, жол ережелеріне бағынбау, ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белбеуін тақпау сынды ережелерді бұзғандығы анықталып, арнайы шара қолданылды. Сондай-ақ, азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жаяу жүргіншілерге жол бойында жүріп тұру ережелері түсіндірілді.
БАУКЕН БАЙМБЕТОВ
Қарасай ауданы әкімшілік полиция бөлімінің басшысы
«Мынау Абылай хан, республикалық Алматы Бішкек, Алматы Астана тас жолдарында рейдтік шаралар өткізілді. + 35 көлік тоқтатылды. 5 қарсы бағытқа шыққан көлік анықталды, хаттама жазылды. Масан күйде көлікті жүргізген бір жүргізуші анықталды, жалған мемлекеттік белгі тағып, көлікті басқарған жүргізуші анықталды. Арасында жеңіл құқық бұзушылар анықталды».