Қарасай ауданында «Бала бақылауда» профилактикалық шарасы өтті.

Кәмелетке толмағандарға түнгі сағат оннан кейін үлкендердің қарауынсыз көшеде жүруге заңмен тыйым салынған.

Осы талаптың сақталуы үшін Қарасай ауданында «Бала бақылауда» атты кезекті профилактикалық рейд жүрді. Түн тыныштығын күзеткен тәртіп сақшылары ауданды аралап, жасөспірімдерге түсіндіру жұмысын жүргізді. Кейбір ата-аналарға ескерту жасалып, заң талабын елемегендерге әкімшілік шара қолданылды. Толығырақ келесі бейнематериалда.


Жазғы демалыс басталысымен түнгі сауық құратын жастар көбейетіні жасырын емес. «Заң және тәртіп» қағидасы аясында аудан полицейлері түнгі сағат бірге дейін он екі құқықбұзушылықты анықтап үлгерді. Әсіресе Асыл Арман шағын ауданындағы таңға дейін жұмыс істейтін компьютерлік клубтар тәртіп сақшыларының назарында. Ал кейбір жасөспірімдер дүкенге шықтым деген сылтаумен түн ортасында көшеде жүреді. Мамандардың айтуынша, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінсіз қараусыз жүруі ата-ананың жауапкершілігін күшейтеді. Мұндай жағдайда ата-анаға 43 мың 250 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

БЕРІК ДӘКЕЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 142 бабына сәйкес балалар түнгі сағат 22,00 ден бастап үйде отыруы керек. Және сағат 23,00 ден бастап ойын сауық алаңында болмауы керек.  Сол ұйымның иесіне 132 баппен әкімшілік хаттама толытрылатын болады. Көлемі 10 айлық көрсеткіш.»

Аталған шара апта сайын өтеді. Шараға білім саласы өкілдерімен қатар, еріктілер де атсалысып жүр.

НҰРБЕК ОРМАНОВ 
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Осы аптада біз жастар орталығынан 15-20 ға жуық еріктілер болып шыққан болатынбыз полиция департаментімен бірлесе отырып. Ойын сауық орталығына бардық Кәмелетке толмағандарға хаттамалар толтырылды және мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.»

Қарасай ауданы халық көп шоғырланған өңірдің бірі. Жыл басынан бері үш мыңнан аса құқықбұзушылық тіркелген. Оның арасында ұрлық, бопсалау сынды қылмыс түрі де бар. Мамандардың айтуынша, ата-ана  назарынан тыс қалған бала қауіпті ортаға тап болып, оқыс оқиға құрбанына айналуы мүмкін

Сондай-ақ оқыңыз: