Қарасай ауданында ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті қызметкерлері прокуратураның бақылауымен Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.

Анықталған мекенжайға жүргізілген тінту кезінде синтетикалық есірткі дайындауға пайдаланылған химиялық заттар мен түрлі құрал-жабдықтар тәркіленді. Психотроптық заттарының жалпы салмағы 217,5 граммды құраған, және бұл шамамен үш мың дозаға тең екені хабарланды. Сараптама нәтижесі олардың мефедрон синтетикалық есірткісінің аналогтары екені белгілі болған. Сондай-ақ  тыйым салынған затты өндіруге қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Құзырлы органдар қылмыстық топтың өзге мүшелерін және ықтимал тарату арналарының жолдарын анықтап жатыр

Сондай-ақ оқыңыз: