Алматы облысында жер қойнауын заңсыз қазып, пайда тапқысы келгендердің жолы кесілді
Алматы облысында жер қойнауын заңсыз қазып, пайда тапқысы келгендердің жолы кесілді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов бастаған жұмыс тобы, Алатау қаласындағы карьерлерді жаппай тексеріп шықты.
Тексеріс қызу, талап қатаң. Өңірде 47 заңсыз қазу дерегі әшкереленді. Қазір ереже бұзғандардың ісі қаралып, ол аумақтарға қатаң күзет қойылды. Ендігі мәселе осы уақытқа дейін қазылып, үңірейіп қалған жерлерді қайта тегістеп, табиғатқа келген залалды кінәлілердің қалтасынан өндіру. Дәл қазір карьерлеры ең көп Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл және Іле аудандары жіті бақылауда. Мұндай заңсыздықтың жолын кесу шаралары жалғаса бермек.
РУСЛАН ЫДЫРЫСОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Қазіргі таңда бұл жерде су қорғау белдеулері мен экологиялық заңнама талаптары мүлдем сақталмаған. Кәсіпкерлердің қазуға рұқсаты, яғни лицензиясы болғанымен, қалған құжаттары реттелмеген. Себебі, олар жұмыс істеп жатқан жер телімдерін әлі күнге дейін заңдастырмай келген