Алматы облысында орман қорын сақтау және цифрландыру бағытында жаңа жобалар қолға алынбақ

Алматы облысында орман қорын сақтау және цифрландыру бағытында жаңа жобалар қолға алынбақ.

Бүгін Қонаев қаласында аймақ басшысы Оңтүстік Кореядан келген қонақтармен кездесті.
Араларында Азиялық орман ынтымақтастығы ұйымының, яғни «Эйфоконың» халықаралық өкілдері де бар. Мақсат - кореялық озық тәжірибені қолдана отырып, аймақтағы орман шаруашылығын заманауи технологиялар арқылы дамыту. Сондай ақ Президент тапсырмасына сай өңірде 52 миллион түптен астам ағаш отырғызу жоспары да сөз болды. Ендігі кезекте аталмыш  ұйыммен бірлесіп, сапалы көшет түрлерін өсіру жобасы жүзеге асырылады. Сөйтіп халықаралық серіктестік аймақтың экологиялық тұрақтылығын жаңа деңгейге көтермек.


ПАК ЧОН ХО
АЗИЯЛЫҚ ОРМАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ 
Азиялық орман ынтымақтастығы ұйымы Алматы облысымен және «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп, ауқымды экологиялық жобаларды бастағалы отыр. Біз өңірде заманауи орман тәлімбақтарын салып, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруды көздейміз. Сонымен қатар, аймақтағы негізгі тас жолдардың екі жиегіне жасыл желек егу жобасын талқыладық. Бұл жай ғана ағаш отырғызу емес, ауаға бөлінетін зиянды көмірқышқыл газының көлемін азайтуға және экологияны жақсартуға бағытталған мемлекеттік маңызы бар ортақ жұмыс болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз: