Алматы облысында көктемгі дала жұмыстары толық аяқталды
Алматы облысында көктемгі дала жұмысы толық аяқталды.
Үкімет басшысының қатысуымен өткен ауыл шаруашылығы мәселесі жөніндегі кеңесте жиынтық қорытынды шығарылып, өңірлерге бірқатар нақты міндет жүктелді.
Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылық дақылы 437 мың гектардан астам алқапқа егіліп, көктемгі егіс науқаны жоспарға сай толық аяқталды. Шаруалар қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етіліп, минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі өткен жылмен салыстырғанда артты. Көктемгі дала жұмысына 13 мыңнан астам техника жұмылдырылды.
ЕРКІНБЕК ДАУЫТҚҰЛОВ
ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жүз пайызбен толығымен биылғы көктемгі жұмыстарды аяқтап отырмыз. Техника болсын, су үнемдеу технологиялары болсын барлық жағынан біз жақсы қарқында келе жатырмыз. Ендігі алдағы мәселе ары қарай вегетационный периодтан дұрыс атқарсақ деген ойдамыз. Премьер-министрден берілген тапсырмасын толығымен алдық, соның бәрін де алдағы алдағы уақытта толығымен орындаймыз деген ойдамыз.
Алматы облысы, Балқаш ауданындағы Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл да көктемгі дала жұмысын тиісті мезгілде жүзеге асыруда. Шаруашылықта жалпы 5,5 мың гектар суармалы жері бар. Мұнда биыл 1 300 гектарға арпа-бидай, 1 150 гектарға күріш дәні себілген.
Ал «Даке-ком» серіктестігі мал азығы дақылдарын өндіруге маманданған. Жаңбырлатып суару технологиясы қолданылады. Жоңышқа жылына 4 рет шабылып, әр гектарынан орта есеппен 45 центнерге дейін өнім алынады.
АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ
« БІРЛІК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Қазір уақытта күріш дақылын егіп бітіп, енді қазір сол күріш дақылын сумен басқару шараларымен айналысып жатырмыз. 2026-шы жылдың осы ақпан айларында біз «Госагро» сайтына кіріп, 274 тоннаға соляркаға заявка бергенбіз. Оның қазіргі осы уақытта 200 тонна солярка алынып, әлі де осы бір 10 күннің ішінде қалған 74 тоннасын алып, толықтай қамтамасыз етіледі деп ойлаймыз.
Бұдан бөлек өсімдік қорғау шаралары да тұрақты бақылауда. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес пен химиялық өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта 329 мың гектардан астам алқап зерттеліп, 53,5 мың гектар жерде өңдеу жұмыстары жүрді.
ДӘУРЕН ӘБДРАХИШОВ
«ДАКЕ-КОМ» ЖШС-НІҢ БАСШЫСЫ
Бізде 1700 гектар жеріміз бар. Қазіргі негізгі шаруашылығымыз жоңышқа 140 гектар. Сосын 559 гектарға жүгері ексек пе деп ниеттеніп отырмыз, сонымен аграрный корпорациясымен жұмыс істеп жатырмыз қаржыландыру мәселесі бойынша. Сосын тағы да кішігірім мал шаруашылығымен айналысамыз деп 100 шақты қой, 20 шақты ірі қара малды алып содан тәжірибе жинап жатырмыз.