«Заң мен тәртіп» қағидаты
«Заң мен тәртіп» қағидаты - қазақстандық ұлттық бірегейліктің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік сот төрелігі және оның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық форумда айтты.
Мемлекет басшысы елдегі сот жүйесінің тәуелсіздігіне және азаматтардың билікке сенімін нығайтуға ерекше назар аудару керек екенін атап өтті. Оған қоса президент 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Ата заңды жүзеге асыруға бағытталған бес бірдей конституциялық жобаға қол қойғанын мәлімдеді. Еске салсақ басты өзгеріс – президент орынбасарының тағайындалуы және заң шығарушы биліктің жоғары өкілетті органы ретінде Құрылтайдың құрылуы болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі нығайтуға негіз болатынын да атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Соңғы жылдары мемлекетіміз аса ауқымды құқықтық және қоғамдық жаңғыру жолына түсті. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады. Біз өркениетті ел ретінде заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек. Барша азаматтарға әсіресе жатарға заңға бағыну керек екенін қарапайым тілмен түсіндірген жөн. Заңды қадірлеп тәртіпті қолдау бұл әр адамның жарқын өміріне жол ашатын маңызды шарт. Бұл туралы жаңа конституциямызда да анық жазылды.