Көк Ту көкке көтерілді

Астанадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Мемлекеттік Әнұран ырғағымен Тәуелсіз Қазақстанның басты нышаны әуеледі. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Ел орда тұрғындары алдында сөз алған мемлекет басшысы  - еліміздің дербестігі мен қауіпсіздігін нығайтудағы қазақстандық патриотизмнің алатын орны ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін еске салды. Осыған байланысты Үкімет жақын арада рәміздер мәртебесін қайта қарап, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізбек. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ел тәуелсіздігінің 35 жылдық мерекесі айрықша аталып өтетінін де жеткізді. Сонымен қатар бұл күні ел тарихында тұңғыш рет еліміздің әскери академияларын үздік тамамдаған түлектерге бірден «Аға лейтенант» әскери атағы табыс етілді. Президент атап өткендей, офицердің абырой беделі оның әскери шенімен емес, Отан үшін атқарған мінсіз еңбегі арқылы анықталады. 

Сондай-ақ оқыңыз: