Бір шаңырақ астында
Қарасай ауданының тұрғындары Қазақстан халқы бірлігі мерекесін ерекше тойлады. Әр ұлт салт-дәстүрін таныстырып, ән шырқады.Шараның ерекше сәті - дертке шалдыққан балалардың емдеуіне қаржы жинау мақсатында жасалған торт болды.
АҚЖАН АНАПИЯ
ТІЛШІ
«Атмосфераны өздеріңіз де сезіп тұрған боларсыздар. Бірлік күні елдің еңсесін көтеріп, түрлі ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында тоғыстыратын ерекше мереке. Әр халықтың мәдениеті мен дәстүрі, яғни татулық пен сыйластық үндескен сәтке бәрге куә болайық»
«Бір жүректен- мың алғыс» акциясының сәнін кіргізген алып торттың салмағы да зілдей. Тұрғындар игі іске белсене қатысты. Ыждахатпен әзірленген тәттіні 48 сағат бойы 10 кондитер дайындаған.
ЕРКІНАЙ САПАРБАЕВА
КОНДИТЕР
«Осы жерде Қарасай ауданы әкімі тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық іс шарасы. Біз сол іс шараға келісе кеттік. Ұзындығы 5 метр салмағы 120 киллограмдық тортымызды жасап, сәуле сапар медициналық орталығына көмек ретінде, қолдау ретінде жасап бердік. Аутизммен ауырған қаншама бала емделіп, мектепке бара жатыр екен. Мен сондай қуандым.»
Ауданда 35 түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату -тәтті өмір сүріп келеді. Өңірде бұл істі нығайту үшін этномәдени орталықтар жұмыс істейді.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Этномәдени орталықтардың бізде үлесі өте зор. Өйткені көп әртүрлі жағдайлар болады. Кейде бір бірімен ренжісіп қалады. Бір кішігірім жаңағы жастар төбелесіп қалады. Сол кезде сол этномәдени орталықтардың ақсақалдары барып, медиация ретінде жаңағы бір бірімен кешірім сұратып, татулыққа шақырып, көп мәселені өздері шешіп жатады.»
Еліміздле 1 мамыр күні елдегі этносаралық татулықты дәріптейтін, халықтар достығын нығайтатын айрықша мерекеге айналды.