Ел екі метр жер сұрайды

Қарасай ауданы, Кемертоған ауылы тұрғындары мен жер иесі арасында дау туды. Тұрғындардың айтуынша, жердің иесі көшеге айналып кеткен жер аумағын сатпақ көрінеді. Әуелде, жер иесі  жолға қиыршық тас төсеп, жол шығарып бергенімен кейін бұл ойдан айныған. Енді жүзге жуық отбасы жол сатылып кетсе, үйімізге жете алмай қаламыз деп алаңдайды. Мәселенің мән- жайын тілшіміз анықтап қайтты.  

Көшеміз тарылып, көлік өте алмай қалды. Осылай деген Кемертоған ауылындағы жаңадан салынған ықшамаудан тұрғындары жердің аумағының неге қысқарып жатқанына  аң-таң. Көше осылай тарыла  берсе, көлік те те жүре алмай қалады деген тұрғындар  бір метр жерді сатып алып, жолды кеңейтсек деген ұсыныс айтады.

ӘДІЛБЕК БЕКМҰРАТ 
АУЫЛ ТҰРҒЫН
«Ортаның сатылатынын білген жоқпыз, жол жасадық. О баста жол осы жерден болады деген бізге. Мына үйлер сайда тұр. Жол 1,5 метрге көтеріледі. Жол көтерілсе ол үйге қалай кіріп шығады. Машина кіріп шыға алмайды. Пожарный бар... үлкен машина кіріп шыға алмайды. 6 метрлік жерден өте алмайды ол Машиналар»

Үй қожайындары жер иесіне хабарласа алмады. Әйтсе де, әкімдік бұл мәселенің жақын арада оң шешімін табатынына сөз берді. 

АРМАН ҚАМАЛБЕК
ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Халықтың қазір сұрауы бойынша біз білеміз дейді екі жағында жол бар екенін. Бірақ ортадағы жолды ортақ үлеске сатып алғысы келіп тұр. Бағасы бойынша бір мәмлеге келеді. Қазір жер меншік иесі басқа елде жүр екен. Кейін ақсақалдар кеңесі, халық бар бір келісімге келеді»

Кемертоғанға іргелес Ілгелі ауылында да жер дауы.  Жер телімдеріне  үйлер салынып, көше түскен соң түрлі әлеуеметтік әрі инфрақұрылымдық  мәселе туындап келеді. 

ШҰҒЫЛА БАЙМҰХАН
ТІЛШІ
«Бүтін бір көше жұрты қамалып қалған. Тұрғындарды ашындырып отырған осы жолдың жыры.  Жеке меншік иелері өзімізге тиесілі деп жол аумағын жауып қоршап алған. Нәтижесінде көлік тұрмақ, адам өтетін жол қалмай қамалып қалдық  дейді жұрт» 

Бара-бара қоршауда қаламыз ба деп қорыққан бұқара да кімге барарын білмей отыр. 

БЕКЖАН ТАУБАЛДИЕВ 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Мында түк қалдырмай бәрін сатып жіберген. Тақап тұрып. Ар жақ жабық. Мына кісілер уақытша ашып отыр ғой қашанға дейін білмеймін. Мына жер ашық тұрғанда ар жақта үй салынбай қалған жер бар сол жерден өттік. Ол балшық. Әкімге кіріп есік қаққанымызға 4 жыл болды ғой ағатай мына жердің жолын бірдеңе қылмасақ болмайды деп. Әлі шешіліп келе жатыр ғой.»

Көше шынымен де жеке меншікке тиесілі екені анықталды. Бұл жағдайдан әкімдік те хабардар. Мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылмақ.

АРМАН ҚАМАЛБЕК
ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Жер меншік иелері өздерінің тиесілі учаскесін жауып тастаған. Кеше келіс сөз жүргізіп халықтың сұрауымен жолды аштық. Қазіргі таңда ол кісілерге басқа жерден жер беру мәселесін қарастырып жатырмыз. (-Кімдерге) Жер иесіне. 4,15 соттық жерді алып тұр жол аумағы. Соны ауыстыру туралы мәселе»

 Бұдан бөлек, жер иесі үй салуға бөлінген жерді  өндірістік мақсатта пайдаланып жатыр дейді тұрғындар.  Бұл мәселе бойынша да құзырлы мекеме  арнайы шешім қабылдамақ.

Сондай-ақ оқыңыз: