Жұмыс жәрмеңкесі
Жоғары оқу орнын аяқтап, жұмыс таппай, басқа салада қызмет етіп жүрген жастар көп. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бітіруші түлектерге «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 100 ден астам жұмыс беруші мекеме қатысты. Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия сюжетінде.
Осындай кездесу жұмыс берушіге де, жас мамандарға да пайдалы. Бердібек – студент. Биыл тарих пәні мұғалім бойынша жоғарғы оқу орнын аяқтайды. «Кәсіби бағдар алар ортаға түскеніме қуанышымын» - дейді
БЕРДІБЕК ҚОРҒАНБАЕВ
СТУДЕНТ
«Қандай мүмкіндіктер бар. Қандай ұсыныстар бар. Соны білу мақссатында келдім. Достық атындағы мектеп бар екен. Курс мектеп. Сол жерден өзіме ұсыныс түсті. Соған номерін алып, тағы бірнеше мектептерге өзімнің номерді жазып, аты жөнімді қалдырып кеткен болатынмын»
Жиынға орта білім беру ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, жеке кәсіпкер мен өндірістік кәсіпорындар қатысты. Мың бес жүзге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Соның бірі нарықта сұранысқа ие айти компания.
АЛЬБИНА ЕЛУБАЕВА
КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
«Олардың өздерін көрсетуге өте жақсы орта қалыптастырдық. Олар ол ортада өздерінің бәсекеге қаблетті екенін көрсете лады. Әрі қарай жұмысқа толық қабылдағаннан кейін ол адамның біздің компания құндылықтарына сай екеніне арнайы тест тапсыратын болады»
Жалпы еңбек нарығына үнемі жас мамандар қажет. Әсіресе инклюзивті білім беру саласында жастардың ынта жігері керек. Себебі сұраныс жоғары.
БАНУ НАРБЕКОВА
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
«Бүгін тек қана жұмысқа орналасу емес, сонымен қатар жұмыс берушілердің де біздің мамандарды, педагогтарды даярлаудағы қандай ұсыныстары бар, соларды да естігіміз келеді. Біз кәсіби стандартқа дайындаймыз. Бірақ сонда да заман орнында тұрған жоқ. Қазір цифрлық технология, жасанды интеллект. Сондықтан бүгінгі күні осы педаогог даярлауда әр уақытта өзектендіріп отыруымыз керек өзіміздің білім бағдараламаларымзды. Ссолбілім беру бағдарламасын әзірлеуге біз жұмыс берушілерді де шақырып отырмыз.»
Жәрмеңкеде mansap-bosoryn.kz цифрлық платформасы таныстырылды. Жүйеде бос жұмыс орны жарияланып, түлектер сол арқылы тікелей өтінім бере алады. Өтінім бірден жұмыс берушінің электронды поштасы мен байланыс нөміріне жолданып, жұмысқа орналасу үдерісін жеделдетеді.