Әлемді тану жолында

Қаскелеңдегі Өмірзақ орта мектебінде «Жас географ әлемді тану жолында» атты мазмұнды семинар ұйымдастырылып, Оған 60-тан астам география пәні мұғалімі қатысты. Шара білім саласындағы жаңашылдық пен тәжірибе алмасудың алаңына айналды. Семинар мақсаты - оқушылардың зерттеушілік, экологиялық және танымдық қабілетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту. Сондай-ақ, оқу үдерісінде заманауи білім беру технологиясын қолдану тәжірибесін жетілдіру мәселесі де қамтылды. Оқушылар  қоршаған ортаны қорғауға арналған жобалары мен макетін ұсынып, тың идеяларымен бөлісті. 

ЗҮЛФИЯ ҮМБЕТАЕВА 
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ 
«Тек қана георафия ғылымын меңгеріп қана қоймай, олар алған білмдерін өмірде пайдалану, және олар өз еркінше зерттеу жүргізе алады. Және пікірлерін тұжырымдап, ортақ келісімге келе алатын тұлға қалыптастыру басты мақсат»

Сондай-ақ оқыңыз: