Жас сақшы сыныбы

Өтеген батыр кентіндегі Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектепте «Жас полицей» сыныбы ашылды. Онда білім алатын 27 оқушы темірдей тәртіпке үйреніп, патриоттық сезімдерін шыңдайды. Жас полицей атанған 7-сынып оқушыларының айбыны асқақ, рухы ерек. Олар білім алумен қатар, тәртіп пен жауапкершілікті де қатар меңгереді. “Жүктелген міндетті абыроймен атқарған оқушыларға жоғарғы оқу орнына түсуге  жеңілдік жасалады” дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде  аудан мектептерінде «Жас сарбаз» атанып жүрген 800-ге жуық оқушы бар. 


ЕЛІГАЙ МҮБАРАК 
 ОҚУШЫ 
«Жас полиция сыныбында оқығаныма өте қуаныштамын. Жәнеде мақтанамын. Мен бұл сыныпта өзіме пайдалы көптеген дүниелерді үйрендім. Бүгін біз ант қабылдап отырмыз. Және мен алған білімімімен боашақта елге қызмет етемін»


АЯУЛЫМ КЕРІМҚҰЛОВА
М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №13 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Шекті балл 50 баллмен полиция оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар. Және алтын белгімен бітіретін болса жас сарбаздар онда физ-подготопкасыз жеңілдікпен ғана өте алады»

Сондай-ақ оқыңыз: