Бірлескен жаттығу
«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман өртін алдын алудың бірлескен оқу-жаттығу өткізілді. Мақсат– төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіріп, мекемелердің өзара іс-қимылын нығайту.
Оқу-жаттығуға «Шарын» паркінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, медициналық қызмет және «Қарадала орман шаруашылығының испекторлары қатысты. Шартты өрт ошақтарын сөндіру, эвакуация мен алғашқы көмек көрсетудің тәжірибелік жұмысы пысықталды.
ГҮЛМИРА НЫСАНБАЕВА
ШАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
“Мұндай шаралар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара үйлесімді жұмысын арттырады. Қызметкерлердің тәжірибесін жетілдіріп, төтенше жағдай кезінде дайын болуға мүмкіндік береді”
Жаттығу барысында өртті анықтау, жедел хабарлау, сөндіру тәсілдері және қызметтердің бірлескен әрекеті пысықталды.Мамандар төтенше жағдай кезінде жылдам әрі үйлесімді жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.
АЙДОС ЖӘУТІКБАЕВ
«ҚАРАДАЛА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ММ ДИРЕКТОРЫ
“ Бірлескен жаттығудың нәтижесі орман өрттері бола қалғанда бірлесіп мекемелермен жедел түрде орманды өрт ошағын анықтап өшіру міндетімізді атқарады. Қарадала орман шаруашылығы бүгінгі іс шараға 1 өрт сөндіру машинасы, 1 трактор су таратқышымен 1 шағын өрт сөндіру кешені, 10 өрт сөндіруші қатысты”
Оқу-жаттығу соңында барлық қызметтердің өзара іс-қимылы оң бағаланып, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі нақтыланды.