Сот ғимараты салынады
Қонаев қаласында Алматы облыстық сотының жаңа ғимараты бой көтереді. Бүгін нысанның іргетасына салтанатты түрде капсула салу рәсімі өтті. Оған Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Әріптесім Дастан Маратұлы толықтырады.
Облыстық соттың жаңа ғимараты Қонаев қаласының орталық күре жолының бойында бой көтереді. Құрылыс алаңында жұмыс қызу. Қазіргі таңда мамандар жер қазу процесін аяқтауға жақын, кезек іргетасты бетондау жұмыстары. Жоғарғы сот төрағасы мен өңір басшысы болашақ нысанның іргетасына арнайы капсула салды.
НҰРЖАН САУЫРБАЕВ
КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ
«Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған керекті жаңағы экскаватор, самосвал техникалар, погрухчиктер осында қазір істеп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс басында 40 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыстың қарқыны бойынша бара бара адам саны 92 жетеді.
Жоба бойынша 5 қабатты ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталады. Сот залдары, айыпталушыларға арналған орындар мен қызметтік кабинеттер болады. Құрылыс жұмысы 15 айға жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл облыс орталығында тағы бірнеше әкімшілік ғимарат салу көзделген.
ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Республикалық резервтен бөлінді биылғы қаражат, 22 млрда қа жуық қаражат 6 ғимараттың құрылыс бастауға бөлінді. Бұйырса барлығының құрылысы бір уақытта басталып қазіргі уақытта осылай қазір жер қазу жұмыстары жүргізіліп басталып кетті»
Жалпы, биыл Алматы облысының орталығы үлкен құрылыс алаңына айналмақ. Ұлттық банк, Ішкі істер департаментінің ғимараттары мен зәулім театр құрылысы басталады.