Жағажай дауы

Қонаев қаласындағы «Рауан» шағын ауданының тұрғындары  коммуналдық жағажайдан айырылып қаламыз ба деп алаңдап отыр. Бұған себеп - аталған аумаққа жаңа инвестордың келуі. Ол жағажайға қонақ үй мен мейрамхана салмақ.  Алайда жергілікті халық бұл бастамаға түбегейлі қарсы. Тараптардың уәжін тыңдап көрейік.


Қала әкімі Асхат Бердіханов өткен жылы ықшамаудан тұрғындарына №4 жағажай абаттандырылады деп уәде берген. Бірақ ол кезде мұнда қонақ үй мен тамақтану орындары салынатыны туралы ешқандай ақпарат айтылмаған.


 ӘСИЯ СЕРІКБАЕВА
“РАУАН” ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Ал енді қазір естіп жатырмыз, бұл частный собственникке мынау беріліп кетіп, уже бәрін соц.сетьтен қарасақ мына жерден уже көрсетеді жаңағы жігіт, мына жерден гостиница саламыз, мына жерден металический сборный үйлерді қоямыз деп жатыр да. Бітті ғой уже пляж жоқ, ал төртінші пляж жоқ, пляж кетіп қалған ғой»

НАРГИЗ ПИЛТАН
“РАУАН” ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Қазір мына жерге гостиница салды бітті жабылды деген сөз. Жекеменшікке өткізем деп тұр. Арғы жақтан бунгало саламын дейді. 20 метр ғана, ол негізі заңсыз. 20 метрге жетпейді даже. Заң бойынша ол 50-100 м болу керек. Бүкіл жаққа жазып жатырмыз. Сұраймыз бізге көмектессін халық болып бәріміз»

Биыл №4 жағажай өңірлік инвесторлар комиссиясының шешімімен жаңа инвесторға жалға берілді. Құжатқа сәйкес, жалдаушы компания 1-маусымға дейін инфрақұрылымға 600 млн. теңге инвестиция құйып, тиісті жұмыстарды жүргізуі тиіс. Сондай-ақ болашақта қонақ үй мен мейрамхана тұрғызуды көздеп отыр.

ДУМАН ЗЕЙТЕНОВ
ИНВЕСТОР
«Қазіргі уақытта біз комиссиядан өттік. Одан өту үшін де біраз документтер жиналған болатын, проектілер көрсетілген. Қонақ үй салынады 2000 квадратқа жуық. Және де мейрамхана салынғанның өзінде ол легкий конструкция болады. Қазіргі уақытта мен айтайын, бәрі кіре алады Қазақстан азаматы. Ешкімге ешқандай нұсқа қойылмайды. Кіреді, түседі пожалуйста. Бірақ та пляжда беседка н/е жататын лежактар олар бәрі платный болады»

Төртінші қалалық жағажай аумағында 4 қабатты қонақ үйдің бой көтеруіне «Рауан» тұрғындары үзілді-кесілді қарсы. Қала әкімі  болса, қонақ үй салынатын жердің кейіннен жеке меншікке өтіп кету мүмкіндігін жоққа шығармайды.

АСХАТ БЕРДІХАНОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
« Инвестор жекеге шығарып алатын кезінде тек қана отель салатын болса, отельді заңдастырса, ... соглосованиесі болса, сосын ана кадастр бағасымен тек қана сол жерді отель тұрған жерін жекеге шығара алады. Жоқ болса осылай барлығы тұра береді. Мынау қалалық жағажай болып қала береді. Ол өзгермейді. Ол қалай болды коммуналдық мекеме болып, солай болады. Басқаша болмайды»

Әкім бұл мәселеге қатысты жақын арада қоғамдық тыңдау өткізбек. Жиынның нақты уақыты «Рауан» ықшам ауданының халқына бірнеше күн бұрын хабарлануы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз: