Заң және тәртіп

Қарасай ауданында мектеп бітірушілердің қауіпсіздігіне арналған брифинг өтті. Биыл ауданда бес мыңға жуық түлек мектеп тәмамдайды. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың жиілеуі алаңдаушылық туғызады. Осыған байланысты ата-аналарға жасөспірімдердің қатысуымен болған түрлі келеңсіз оқиғалар туралы бейнематериал көрсетілді.Құқық қорғаушылар баланың сабақтан тыс уақыттағы тәртібіне ата-ана жауапты екенін ескертті.Сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен бақылауды күшейтудің маңызы айтылды. 


БАҒЛАН ӘБІШОВА 
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ 
«Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және мерекелік күндерде қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелсі қарастырылды. Сонымен қатар мектептерде алдынала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық іс-шаралар беогіленген талаптарға сай өткізілетіні түсіндірілді.»

Сондай-ақ оқыңыз: