Сұранысқа сай зертхана

Алматы экономикалық колледжінде «Пилотсыз ұшатын ұшу аппараттарының операторы» оқу зертханасы ашылды. Оқу ордасының студенттері енді дрондарды өздері құрастыра алады. Заманауи орталықтың мүмкіндіктері жайлы тілшіміз тарқатсын.

Заманауи техникалық оқу-құралдармен  жабдықталған зертханада студенттер дрон құрастырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық және практикалық машықты жетілдіреді. Студенттер құтқару, қауіпсіздік пен энергетика жұмыстарында қолданылатын соңғы үлгідегі кәсіби дрондармен жұмыс істейді. 

ДАНАТ ЕСТАЕВ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Біз дрондарды толық өзіміз жинай аламыз. Барлық бөлшектерін бөлек алып, кейбірін 3D-принтерде шығарамыз, сосын іске қосамыз. Контроллерлерін де, модельдерін де өзіміз баптаймыз. Бұл бағытты біздің өңірде алғаш болып біз бастап отырмыз.»

ДАМИР ЖОЛДАСОВ
СТУДЕНТ
"Мен үшін бұл сала өте қызық болды бірақ осы уақытқа дейін біз дрондарды тек теория жүзінде білдік, кітаптан оқыдық, интернеттен көрдік. Ал қазір біз үшін үлкен мүмкіндік ашылып жатыр. Өте қуаныштымыз. Мен үшін дрондарды ауыл шаруашылығында қолданып,  адамдардың жұмысын оңайландырғым келеді."

Зертхана тек оқу орны үшін емес облыс үшін аса маңызды. Себебі жаңа оқу жылынан бастап мұнда  дрон операторы бойынша мамандар даярланбақ. Әзірге жоспар бойынша оқу базасында 25 студент тәжірибелі мамандардан білім алады.

ЖАҚСЫБАЙ ҚАСЫМБЕК
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Лицензия алсақ биыл студенттерді қабылдаймыз дрондарды басқару мамандығы бойынша. Төтенше құтқару, ауыл шаруашылығы, тасымалдау деген сияқты салаларда пайдаланылып жатыр. Сондықтан дрондарды басқару қазір өте сұранысқа ие мамандық. 

Облыста дәл осындай сұранысқа ие мамандықтарды ашу жоспары тыңғылықты жүзеге асырылуда. Мәселен былтыр өңірде қажетті 6 мамандық ашу үшін  бюджеттен 500 млн. қаржы бөлінген. Ал биыл облыс экономикасына оң ықпал ететін 4 жаңа мамандықты ашу көзделіп отыр дейді жауаптылар.

Сондай-ақ оқыңыз: