Тазқара балапаны
Шарын ұлттық паркінің аумағында «Тазалық сақшысы» атанған Тазқара құсы балапан шығарды. Қазір балапан қанаттанып қалды. Тазқара – табиғаттың «санитары». Ол өлексемен қоректеніп, айналаны қауіпті жұқпалы аурулардан тазартады. Сондықтан оның әрбір ұясы – экожүйе үшін баға жетпес құндылық. Бұл құс еліміздің «Қызыл кітабына» сирек әрі аз зерттелген түр ретінде енгізілген. Ең қызығы – тазқара жылына бір ғана жұмыртқа салады.
МУХИМЖАН ЖҰМАРОВ
«ШАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Парк аумағында құстардың 250 ге жуық түрі кездеседі. Қызыл кітапқа енген 23 түрі бар. Соның ішінде атап айтқанда жыртқыш құстардан сақалтай,телгі, жұртшы, бүркіт, дала қыраны тазқара парк аумағында мекендейді. Жүргізілген далалық бақылау жұмыстары нәтижесінде парк аумағында 5 тазқара ұясы анықталды