Жаңа мектеп ашылды

Жайлы - мектеп, сапалы - білім. Талғар ауданы, Айғаным ауылында 600 орындық жаңа мектеп шәкірттерге есік ашты. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында еңсе тіктеген білім ордасының салтанатты ашылуына тілшіміз де барып қайтты.  


Бұл білім шаңырағының еңсе тіктеп, ел игілігіне берілуін оқушылар мен ұстаздар асыға күтті.  Себебі бұған дейін  елді-мекенде мектеп болған жоқ. Оқушылар көрші Еркін, Қызылту ауылдарына және Іле ауданының орталығы Өтеген батыр  кентіне  тасымалмен қатынап, білім алып келді.

АЛТЫНАЙ БЕКТҰРСЫН
ОҚУШЫ
«Бұрын бізідің ауылда мектеп болмағандықтан Еркін ауылында оқыған болатынмын. Қазір осы мектептің салынғңанына барлығымыз өте қатты қуаныштымыз. Жәнеде спорттан өз арманымызға жетіп, нәтиже көрсетуге уәде береміз»


НҰРБОЛАТ КЕЛГЕНБАЕВ 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Біздің айғаным ауылы мектебінің ашылуына өте қуаныштымын. Себебі біздің балаларымыздың болашағы осы мектепте. Осындай кең де зәулім мектепте барлық технологиясы бар оқу ордасында болашағы жарқын болады деп сенемін. Мектеп құрлысына көңілім толады. Себебі іргетасынан бастап өзіміз қарап бақылап ақылдасып жүріп салдық»


600 орындық сәулетті білім шаңырағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып, кабинеттері соңғы үлгіде  оқу-құралдарымен жабдықталып, инкулизивтік бөлме қарастырылған. Мұнда 1100 оқушы білім алады.  


НҰРБОЛ КӨНШІБАЕВ
№50 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«мектепте 45 оқу кабинеті толықтай заман талабына сай физика, химия, робототехника, стем, шеберханаламен жабдықталған. Енді үздіктердің қатарында болады деген сенімдеміз»


Жалпы облыста  үш ауысымда 28 мектеп бар. Соңғы екі жылда 26 жаңа мектеп салынса, соның 21 бірі ел игілігіне берілді.  


ҚАЙРАТ ЖҰМАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  
«2026 жылы 9 меткеп ашамыз деп жоспарлағанбыз. Оның төртеуі міне Талағнада ашылыпи отыр. Жалпы 9 мектеп 5 үш ауысымның мәселесін сондай ақ 2 мыңнан асатам баланың тасымал мәселесін шешеді»


Сонымен қатар Тұздыбастау ауылында да «Келешек мектебі» жобасы аясында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді.

Сондай-ақ оқыңыз: