Тазалық пен қамқорлық
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға нақты көмек көрсетілді. Іле ауданының белсенді тұрғындары Байсерке ауылында тұратын жалғызбасты зейнеткерлердің үй шаруасына қолғабыс жасап, аула тазалығы жұмыстарын жүргізді. Игі шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, қарттарға қолдау көрсету. Толығырақ тілші материалында.
Байсерке ауылының тұрғыны Раиса Яковлевна биыл 90 жасты еңсерді. Мына шаңырақта жалғыз өмір сүреді. Кейуанаға 2015 жылдан бері арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді. Ал жастардың таңнан еліп, күні бойы тазалық жұмыстарын жүргізгеніне зейнеткердің алғыстан өзге айтары жоқ.
РАИСА БОГАТЫРЬ
ЗЕЙНЕТКЕР
«Барлығы жақсы ниетті адамдар, мен өте өте ризамын. Маған көмектесіп барлығын тазалап үйімді ретке келтіріп жатыр. Ризамын. Өзім жалғыз тұрамын, кәрілік те келді. Сондықтан бұл мен үшін үлкен көмек. Жастарға елге тек жақсылық тілеймін. Аман болыңыздар»
БАУЫРЖАН СӘРСЕНБАЙ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Жалғыз басты қарт кісілерімізге осылай құрмет көрсетіп, алғысымызды айтып сырт жұмысы бар үй жұмысы бар соған көмектесіп жатырмыз. Қазіріг атңда 15 тен аса еріктіміз бар. Осында жұмыс жасап апаларымыздың алғысын алып жатыр»
Осылайша ілеліктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көшелер мен қоғамдық орындарды ғана тазалаумен шектелмеді. Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов мемлекеттік қызметтегі жастармен еріктілерге өзі бас болып Байсерке ауылында тұратын жалғызбасты екі зейнеткерлердің үйіне келді. Ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоршаулармен есік терезелерді сырлап, сүртіп, ауласын абаттандырып ағаш екті. Әрі бұл жұмыс бұдан ары да жалғасын табады деп отыр.
ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Көктемнен бері аудан бойынша үлкен іс ашаралар жүріліп жатыр. Бұл жалғыз көше бойлары мекеме аулалары емес парктер бар бәрі толығымен тазаланды. Бізде енді әр апта жоқ дегенде 250-300 адам осындай жұмысқа жұмылады. Және 15-18 техника жұмысқа шығады. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді»
Бұл жолғы сенбілікте қос зейнеткер отбасына көмекке келгендер арасында аудандық мансап орталығының 10 шақты маман, сондай ақ 20 ға жуық әлеуметтік қызметкер мен ерікті жастар бар.