Қымызмұрындық -2026

Облысымызда биыл да ұлттық құндылықтарды  ұлықтайтын  Қымызмұрындық ауқымды этнофестивалі өтеді. Мәдени мұрамызды жаңғыртқан бұл іс-шара дәстүрлі түрде Кеген ауданының әйгілі Қарқара жайлауында ұйымдастырылады. Баспасөз мәслихатында  мәлім болғандай, биылғы фестивальдің ауқымы жылдағыдан ерекше. Танымалдылығы артып келе жатқан іс шараға 30 мыңға жуық адам жиналады деп күтілуде. Бұл тек ішкі туризмді ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келетін саяхатшыларды да қызықтырып отыр. Дүбірлі той маусым айының 27-сі күні жоспарланған. «Қымызмұрындық» бұл жай ғана мереке емес, еліміздегі этно-туризмді жаңа деңгейге көтеріп, төл мәдениетімізді әлемге танытудың бірегей алаңы. Ал қонақтарға тосын сый көп» дейді ұйымдастырушылар.

ӘНУАР ҮМБЕТАЛИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Жыл басынан бастап бізде біраз атаулы іс-шараларымыздың ашылуы өтті. Атап өтсек, Ж. Жабаевтың 180 жылдығы, М. Мақатаевтың 95 жылдығы, А. Қарсақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде. Енді биылғы Қымызмұрындықтың ерекшелігі  негізгі жаңа айтып кеткендей, біздің «Таза Қазақстан» жобасы бойынша соған бағыт беремі»

Сондай-ақ оқыңыз: