Жас ұстаздар жетістігі
Адал азаматты тәрбиелеудегі цифрлық серіктес. Жамбыл ауданында 200 ден астам жас ұстаз жасанды интеллектіні тәрбие құралы ретінде қолданудың озық үлгісін көрсетті. Олар ақпарттық технологияны меңгерудегі тәжірибемен бөлісіп, тың идеяларын ортаға салды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Жаңа технологияларды тиімді пайдалануда ерекше нәтижеге қол жеткізшен жас ұстаздар жаңаша оқыту жүйесінің озық үлгілері ұсынылды. Еңбек жолын енді бастаған мамандар тәжірибелі ұстаздармен білім алмасып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.
СӘНИЯ ҚАБДЫРАШҚЫЗЫ
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Соңғы уақытта біздің жастардың жұмыстары өте көп. Түрлі олимпиадаларға қатысып, жан-жаққа облысқа шығып жатқан жастарымыз өте көп. Бұл жастардың идеялары өте мықты. Сондықтан балалардың сапалық жақтан көрсеткіші өте жақсы. Жан-жақты талқылауда олардың шығармашылық жұмыстарын бір-біріне алуы өте жоғары деңгейде»
Көлемді шығармалар мен тарихи оқиғаларды жасанды интеллект көмегімен оқушыларға оңай түсіндіріп жүргендердің бірі - Әлішер Даулет. Маман өз тәжірибесінде қолданатын бұл әдіс балалардың зейінін ашып, сабаққа деген құлшынысын арттыратынын байқаған.
ӘЛІШЕР ДӘУЛЕТ
МҰҒАЛІМ
«Қазіргі заман ЖИ дәуірі ғой. Біз сол ЖИ-ді әрқашан сабақта оқушыларға құрал ретінде пайдаланамыз. Біз оларды толықтай қолдануға рұқсат етпейміз өйткені ол оқушылардың ойлау қабілетін бұғаттап тастайды. Біз тек өзімізге керек әдіс-тәсілдерге анимацияларды қосуға, тарихтағы батырларды, оқиғаларды, тұлғалардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету арқылы сол кезеңге түсіреміз, енгіземіз. Неше түрлі әдістерді қолдана келе сабаққа деген қызығушылығы арта түсуде. 75-76 пайызға дейін оқушылардың сапасы, үлгерімі жақсаруда»
Жиында жас ұстаздар марапатталды. Сондай ақ, «Трендтен брендке» жобасы аясында заманауи идеяларды жүзеге асырып жүрген талантты жастардың шығармашылығы да назардан тыс қалмады.