Таза бейсенбі

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 14 жалпыөңірлік сенбілік ұйымдастырылып, оған 330 мыңнан астам адам атсалысты. Нәтижесінде 4 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 100 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Кезекті тазалық шарасы бүгін де өз жалғасын тапты. Бүгінгі акцияға 19 мыңнан астам тұрғын шығып, 445 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздеген шарадан Қонаев қалалық әкімдігінің қызметкерлері де тыс қалған жоқ. Олар бүгін шаһардағы 8-ші және 10-шы шағын аудандардың айналасын, сондай-ақ теміржол бойын қоқыстан толық тазартты.

АҚАН ӘЛІМЖАНОВ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАС МАМАНЫ
Таза бейсенбі акциясы бойынша өзіміздің тұрып жатқан қаламыз Қонаев қаласы бойынша 8 шағын ауданның басынан бастап, 10-шы шағын ауданның аяғына дейін теміржол бойында әкімшілік қызметкерлері Таза бейсенбілік жұмысын атқардық. Осы жұмыс нәтижесінде 150 мешоктай қалдықтар шығарылды нешетүрлі. Ол қалдықтардың бәрі мешоктарға жиналып, үйіліп қойылды. Қазір артынан машина келіп осы қалдықтарды тазалап алып кетеді. Және де осы қала  тұрғындарын өзіміздің қаланы таза ұстауға және Таза Қазақстан акциясын қолдауды сұраймыз бәріңізден.

Сондай-ақ оқыңыз: