22 гектар аумақ тазартылды

Іле ауданындағы Түймебаев ауылында  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Кең көлемде ұйымдастырылған "Таза Бейсенбі" шарасына 25 кәсіпорынның қызметкерлері мен еріктілер қатысты. 

500 ге жуық табиғат жанашыры мен 10 шақты техника жұмылдырылған абаттандыру жұмысының нәтижесінде  10 шақырым аумақ тазаланды. Табиғатты сақтап, көркейтуге бағытталған шараға тәртіп сақшылары да қатысып, абаттандыру қағидаттарын бұзған азаматтарға ескерту жасады. Игі іс үлкен жол, Орталық стадион аумағынан бөлек «Ащыбұлақ» ауылында да жалғасын тапты. Жалпы бүгінгі тазалық шарасына 3000 ға жуық адам мен 24 техника жұмылдырылды, 22 гектар аумақ тазаланып, 55 тонна қоқыс шығарылған. 

МҰХАМЕДҒАРІП ҚҰРМАНҒАЛИЕВ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Таза акциясы тек ғана абаттандыру жұмыстары емес, су көздерін тазалау, су көздерін ашу, жасыл желектендіру, абаттандыру, ағаштар егу, жастарды осындай еңбекке, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Бұл іс-шара бүкіл ауданымыздың ірі кәсіпкерлерімен басқада ауылдық округтердегі ірі кәсіпорындардан қолдау тапты. Қазіргі күні бізбен қатар Асқар Тоқпанов ауылдық округінде, Байсерке ауылдық округінде, Өтеген батыр ауылдық округінде, Боралдай кентінде және басқада жерлерде ірі кәсіпорын өкілдері осы тазалық акциясына шығып жатыр.» 


ЖЕҢІС МҰҚАШЕВ     КӘСІПКЕР
 «Бүгінде біздің кәсіпорында 1000ға жуық адам еңбек етеді. Қызметкерлеріміз осындай экологиялық акцияларды әрқашан қолдайды. Біз тек өңірдің экономикалық әлеуетіне өз өндірісімізбен ғана пайдамызды тигізіп қоймай, осындай маңызды мәдени шараларына да атсалысып отыруды дұрыс деп санаймыз.»

Сондай-ақ оқыңыз: