Тазалық акциясы

Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан Іле ауданының тұрғындары әр бейсенбі сайын тазалық жұмыстарына белсенді қатысады. Кезекті экологиялық акция Байсерке ауылында өтіп, мыңнан астам тұрғын өзен жағалауын қоқыстан тазартты. Нәтижесінде ондаған тонна қоқыс шығарылды. Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы аясында жыл басынна бері ауданда 19 гектар аумақ тазартылған. Сонымен қатар, белгіленбеген орындарға қоқыс төгіп, қоршаған ортаны ластаған азаматтарға  әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынуда. 


АСҚАР САДЫҚОВ 
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
"Құндылықтарды өзгертіп жатырмыз. Мектеп оқушыларынан бастап зейнеткер апа-аталарымыз бар. Белгіленбеген жерлерге қоқыс төккені үшін айыпбұл қарастырылған. Оның құзіреті жаңа конституцияда белгіленген. Ауыл әкімнің құзіретінде 505 бап бойынша айыппұл салынады. Әкімдер осы бойынша жұмыс істеп жатыр"

Сондай-ақ оқыңыз: