«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, үздіктер марапатталды

Отбасы- береке мен бірліктің бастауы. Бүгін Қонаев қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, үздіктер марапатталды. Байқауға бас-аяғы 146 отбасы қатысқан. Шешуші кезеңге  12 әулет өтті. Салтанатты шарада үздіктерге  ынталандыру сыйлықтары мен  бағалы жүлделер табысталды.

Биыл отбасылық құндылықтарды дәріптейтін байқаудың бәсекесі өте жоғары болды. Қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды Іле ауданынан келген Тыныбаевтар,  екінші орынды Жамбыл ауданындағы Асқаровтар иеленді. Ал байқаудың бас жүлдесі Кеген ауданының тұрғындары - Бақашовтар әулетіне бұйырды. 

ДӘМЕЛІ ТОҚТАСЫНОВА
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
«Біз Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылынан келіп Мерейлі отбасына қатысып отырмыз. Бірінші рет қатысуымыз. Өте әділ болды деп ойлаймын. СКЛ Жеңіске жетіп отырмыз, бас жүлде алып. Көп балалы аналардың бірімін, ұстаз болғанмын кезінде. Өткізіп жатқан Мерейлі отбасы ұлттық байқауын осы Президентіміздің арқасы ғой, соның жарлығымен дүниеге келіп отыр. Соған өте ризамын»

Үздіктер енді республикалық деңгейде бақ сынайды. Байқау ұйымдастырушыларының сөзінше, бұл жобаның салмағы да, жүктелер жауапкершілігі де бөлек. Басты мақсат - отбасы мәртебесін көтеріп, кейінгі буынға ата-бабадан келе жатқан өнегелі жолды дәріптеу.

МИРАС ЫСҚАҚОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Бұл Мерейлі отбасы ұлттық байқауы жылда өткізілетін шара. Жылда ең үздік деген отбасы осы облысымыздан анықталады да, сол отбасы 1-орын алған Астана қаласына Республикалық Мерейлі отбасы байқауына қатысады. СКЛ Жалпы бұл Мерейлі отбасы байқауының мақсаты - ұлттық құндылықтарды, халық даналығын, ұлт, жастардың тәрбиесін дәріптеу болып табылады»

Салтанатты кеш әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты. Ал 1 млн.теңгені ұтып адған Бақашовтар әулеті қыркүйек айында  Астана төрінде өтетін Республикалық байқауға барады.

Сондай-ақ оқыңыз: