Іле ауданында тазалық шарасы өтті

Іле ауданында  тазалық шарасы өтті. Мектеп аулалары мен оларға іргелес аумақтар тазартылып, абаттандырылды. Тазалық жұмысына  аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер – барлығы 5 мыңға жуық адам қатысты. «Тазалық – тек сенбілік кезінде атқарылатын шаруа емес, ол күнделікті жауапкершіліктің көрінісі. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматтың қоғамдық ортаға ұқыпты қарауынан  басталады» деді аудан басшысы. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарға 64 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Нәтижесінде 1 700  тоннадан астам қоқыс шығарылып, 26 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
 «23 рұқсат етілмеген қоқыс орны толығымен жойылды. Тазалық ортақ жауапкершілік.сондықтан аудан тұрғындары туған жеріміздің тазалығы мен оның көркеюіне белсенді үлес қосуға шақырамын»

Сондай-ақ оқыңыз: