«Qonaev TV» телерадиокомпаниясы» ЖШС 2026 жылғы 18 маусымнан бастап өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы хабарлайды

Құрметті қызметкерлер, клиенттер және серіктестер!

Осы арқылы «Qonaev TV» телерадиокомпаниясы» ЖШС 2026 жылғы 18 маусымнан бастап өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы хабарлайды.

 Біздің жаңа заңды мекенжайымыз:
040800, Қонаев қаласы, Мостостроителей көшесі, 1А ғимараты.

 Банктік деректемелеріміз, БСН, ЖСН, телефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайы өзгеріссіз қалады. Бұрын жасалған барлық шарттар мен міндеттемелер өз заңды күшін сақтайды, шарттарды қайта жасасу талап етілмейді.

Сіздерден дерекқорларыңызға тиісті өзгерістер енгізулеріңізді және қаржылық әрі бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу кезінде жаңа мекенжайды пайдалануларыңызды сұраймыз.

 

«Qonaev TV» телерадиокомпаниясы» ЖШС басшылығы